Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Нұр-Бала» бөбекжай-бақша» туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | «Нұр-Бала» бөбекжай-бақша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылы, Е Дүйсенбаев №42 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 8 707 139 8008 Электрон поштасы: 1nurbala@mail.ru Web сайт. https://nur-bala-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Сапапрбаева Жанна Махулбековна Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылы «Нұр-Бала» бөбекжай-бақша» ЖШС құрылтайшысының 2017 жылғы 11 желтоқсан № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 22.08.2023ж өткен. БСН 171240010476 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | KZ45RVK00055937 хабарлама 01.02.2024ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2019жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 5 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі, орыс тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:ӀI ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5жас-мектепалды даярлық топ,30-35минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Бөбекжай-бақшаға 75 балаға арналған 2018 жылғы 8 қарашадағы № X.11.X.KZ34VBS00124943, 50 балаға арналған 2023 жылғы 7 ақпандағы № X.11.X.KZ36VWF00088071 және 100 балаға арналған 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № KZ61VWF00648766 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар берілген. Қорытындылардың көшірмелері қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 125 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. «Балапан»және «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас, «Жұлдыз» ересек топ 4 жас, «Күншуақ» және «Қарлығаш» мектепалды даярлық топ -5 жас .Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде. Балабақшада 5 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.