БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауы «Нұр-Бала» бөбекжай-бақша»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылы, Е Дүйсенбаев №42
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: 8 707 139 8008
Электрон поштасы: 1nurbala@mail.ru
Web сайт.  https://nur-bala-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіСапапрбаева Жанна Махулбековна Түлкібас ауданы,  Тастұмсық ауылы «Нұр-Бала» бөбекжай-бақша»  ЖШС құрылтайшысының  2017 жылғы 11 желтоқсан   № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден  22.08.2023ж өткен.
БСН 171240010476
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)KZ45RVK00055937 хабарлама   01.02.2024ж
7Құрылған жылы2019жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны5 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі, орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:ӀI ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5жас-мектепалды даярлық топ,30-35минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБөбекжай-бақшаға 75 балаға арналған 2018 жылғы 8 қарашадағы № X.11.X.KZ34VBS00124943, 50 балаға арналған 2023 жылғы 7 ақпандағы № X.11.X.KZ36VWF00088071 және 100 балаға арналған 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № KZ61VWF00648766 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар берілген. Қорытындылардың көшірмелері қоса жолданды.

Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 125 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. «Балапан»және «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас,  «Жұлдыз» ересек топ 4 жас, «Күншуақ» және «Қарлығаш»  мектепалды даярлық топ -5 жас .Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде  және орыс тілінде тәрбиеленуде. Балабақшада  5 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.